Описание
Аталуы: Qubool Hai
Шыққан жылы: 2010
Шыққан мемлекеті: Индия (Үнді)
Мінездері:
Ахил - қыз құмар жігіт. Бірақ ол Санамға уйленгенен кейін қамқоршыл , тек Санамды ғана жақсы көрді.Ахил Танвирді туған анасынан да қатты жақсы көрді.Ал әкесінен қорқады.Себебі әкесі Наваб Ахилді кішкентай кезінеде белбеумен ұратын.Ер жетсе де сол оқиғаны ұмытпай , жаман түс көре береді.
Санам ақкөніл , бауырмал , қамқор , пысық , өжет , сыпайы , тәрбиелі , дәстүрлі бойжеткен. Әкесі Асадқа ұқсайды.Салт дәстүрді ұстайды.Бірак Зоя сияқты айтканынан кайтпайды.
Рехан өте мықты , адал , сақ , сері жігіт.Рехан анасын ұнатпайды, яғни Танвирді.Рехан анасын ақша құмар , байлық үшін адамнын өмірімен ойнайды деп ойлайды.
Сехер өте шапшаң , ақылды , әдемі , олда қамқор , сөзге керісіп қалатын тура анасы Зоя дай, бір жаманы ұрлықшы.Бірақ Реханды жолықтырғаннан кейін ол жаман әрекеттің бәрін жойды...
Қысқаша мәлімет:
Сен келерсін 2 маусымы несімен қызықты? .Бәріміз де осындай сауал туады. Санам Асад Ахмет Хан - Хан отбасында дүниеге келген. Әкесі Асад анасы Зоя, әжесі Дильшад. Оның Хая есімді құлағы естімейтін жиені бар. Хая Назма мен Имранның қызы. Санам аспазшы болып жұмыс жасайды, ол Бхополда дүниеге келген, ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, Пенджаб қаласына әжесі Дильшад, және жиені Хаямен бірге көшіп кетеді. Санам анасы Зоядан айнымай қалған, және ол Пенджабтың ұлттық киімі Шалбар-Камизды киеді. Ол өте әдепті, әкесі Асад секілді дәстүрлі, ұқыпты, жане анасы Зоя секілді өзіне сенімді, мықты, мейірімді. Оның ниеті түзу, және өзінің жалғыз отбасы Дильшад пен Хаяға үнемі қарайласып жүреді. Оның ұнамды, ашық-жарқын мінезі айналасындағы адамдардың жүрегін әп сәтте жаулап алады. Және ол көпшілікке тақпақ шығарумен танымал. Санам жұмыс жасап ақша табу үшін, Дильшад пен Хаяға хат қалдырып, өзінің туған жері Бхополға келеді, ол жерде өзінің махаббаты Ахилмен соқтығысып қалады. «Сен келерсің» телехикаясы қайта оралды. Нақтырақ айтсақ, телехикаяның екінші маусымы эфирге шықты. Бұл жолы оқиғаға Асад пен Зояның егіз қызы Санам мен Сехердің тағдыры арқау болады.
Телехикаяның көркін қыздырып, небір шиеленісті жайттарға арқау болып, оқиғалардың одан әрі қызықты болып, жандана түсуіне себеп болған сүйікті әртістеріңіз – Амрапали Гупта (Танвир) және Алка Каушал (Разия) сынды актрисалар бұл маусымда да өз бейнелерін тапқан. Рөлдерін шебер сомдап, «жағымсыз» кейіпкер деген атқа ие болған екі бірдей үндінің шебер актрисасы Санам мен Сехердің табысуына, олардың өз бақытын табуына бұл жолы да кедергі болып бағады.