@хил и с@н@м СЕН КЕЛЕРСІҢ!

  • Подписчики: 22 подписчиков
  • ID: 86303126
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club86303126

Описание

Дүйсенбі:#Рехан айға қарап, Санаммен бірге сөйлескен кездерін есіне алып тұрады. Оны көрген Ахил, #Реханн неге ақымақ секілді жымиып тұр деп таңғалады. Ахил Реханнан, неге күліп тұрғанын сұрайды. #Ал Рехан Ахилден, Нидамен бақытты боласың ба деп сұрайды. Ахил үнсіз қалып, Санамды есіне алады. Олар екеуі біраз әңгімелесіп, Санаммен өткізген күндерін ойларына алады. Үйде Танвир сарилер қарап жатады. Және біреуін ұнатып қалады. Ал Нида болса, оның талғамына күледі. Санам шәй әкеліп, үстел үстіне қояды. Өзінше болған Нида, Санамға тиісіп, неге шәйді үстел үстіне қойдың, ал қазір ол шәй абайсызда киімнің үстіне төгіліп кетсе не болады? Сенің айлық ақшаң кемиді ғой дейді. Бұны Ахил көреді. Ол Санамға қарайды. Санамда оған қарайды. Нида Ахилден, осында қалуын сұрағанда, Ахил бас тартады. Танвир де одан қалуын сұрайды. Санам кетіп бара жатқанда, Нида оны тоқтатып, осы жерде қалуын сұрайды. Ол Санамның үстіне, көйлектерін өлшеп қарайды. Санам өзін жайсыз сезініп тұр. Ахил Ниданың әрекетіне ренжіп кетіп қалады. Нида ашуланады. #Хая мен Дильшад далада жүр, олар көлік тоқтатпақшы. Рехан оларды көріп қалып, көлігін тоқтатады. Дильшад пен Хаяны үйге жеткізіп тастауды ұйғарады. Дильшад Реханға, Санамның тұрмысқа шықпақшы болып, тойдың болмай қалғанын айтады. Рехан бұны естіп таңғалады. #Муниса күйеуімен телефонда сөйлесіп жатыр, ол күйеуіне жақын арада үйге кері келесің деп уәде етеді. #Танвир Нидаға көйлектер қарап жатады. Асма ашық көгілдір түсті көйлектің әдемі екендігін айтады. Бұған Танвирдің көңілі толмай, той көйлегінің түстері қызыл болуы керек, өйткені ол дәстүр дейді. Нида Танвирге, мына әйел өзі сәннің не екенін біледі ме? Қызыл түс сәннен баяғыда қалып кетті ғой дейді. Танвир Ниданы көндірмекші боп тырысады. Бірақ Нида оған, бұл менің некем, сондықтан той көйлегінің қандай болатынын озім шешемін деп айтып тастайды. Танвирдың көңілі түсіп кетеді, ол көңілсіз түрмен, мен тек Ахил баламның сал - дәстүрімізбен үйленгенін қалап едім, бірақ саған таңдаған түстер ұнамаса, өзіңе ұнағанын ала ғой дейді. Танвирды көрген Ахил, оның көз жасын сүртеді де, Азхардың анасына, Танвир анам таңдаған көйлекті алыңдар деп бұйрық береді. Нида сөз таластырмақшы болғанда, Ахил оны тоқтатады. Ол Нидаға, Танвир анам, маған Құдайдан да қымбат, сондықтан менің әйелім, анам таңдаған киімді киуі керек дейді. Танвир зұлым түрімен, мен қандай жағдайда болмасын, бәрібір жеңемін деп жымиады. #Танвир Санамның үстіне той орамалын тағады. Баспалдақтан түсіп келе жатқан Ахил, Санамға қарап қандай әдемі деп көзі тоймай тұрады. Азхар Танвирге, Санамға таққан орамалыңыз, той орамалы, сіз қателесіп кеттіңіз дейді. Санамның той орамалын тағып тұр&#