Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club137067856
Описание
Абай ауданы 1928 жылы құрылды.Абай ауданының тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғынан басталады. Ауданның алғашқы ірге тасы 1927 жылы қаланып, оған Бұғылы, Шаған, Шыңғыс,Қызыладыр, Мұқыр болыстары біріктіріліп, 1928 жылдың қаңтар айында Заңды күшіне еніп Шыңғыстау ауданы деп аталған.1928 жылы аудан орталығы Ақтанбұлақ елді-мекенінен тоғыз жолдың торабы болып есептелетін, құрылыс салуға, мал өсіруге қолайлы жер – Қарауыл ауылына көшірілген.1930 жылдың қараша айынан бастап Шыңғыстау ауданы Голощекин ауданы болып ауыстырылып, осы жылдың желтоқсанында ауданға бұрынғы атауы қайтарылады.1939 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған Шыңғыстау ауданы Семей облысының құрамына кіреді.1940 жылдың 5 қазанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша қазақтың басақыны Абай Құнанбаевтың 95 жасқа толу мерейтойынаорай Шыңғыстау ауданыАбай ауданы болып өзгертіледі.1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Абай ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына енген.Аудан Шығыс Қазақстаноблысының оңтүстік батысына орналасқан. Аумағы – 20 мың шаршыкм. Ауданның әкімшілік орталығы – Қарауыл селосы. Құрамында 9 ауылдық округ бар: Қарауыл, Архат, Көкбай, Құндызды, Саржал, Тоқтамыс. Аудан экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы.Абай ауданы Шығыс Қазақстанның рухани астанасы, ұлылыр мекені.Абай – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Осыжерде ұлы Абайдың шығармашылығына арналған республикалықАбай оқулары, көрмелер,шолулар, оқырмандар конференциясы өткізіліп, Абай әндері шырқалады